Ангелина Лукас әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жекте жеңіске жетті

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстандық боксшы қыз Ангелина Лукас (4-0, 2 КО) Ыстанбұлда өткен бокс кешінде өнер көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Ангелина қарсыласынан басым түсіп, атағын сәтті қорғады.

Ол Танзания өкілі Стумаи Мукиге (7-3, 0 КО) қарсы шыққан болатын. Жекпе-жек ең жеңіл салмақта өті және ол 8 раундқа есептелді. Қазақстандық боксшы UBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағын қорғауы қажет болатын. Кездесу төрешілердің шешіміменАнгелинаға бұйырды. Бұл ретте Африка өкілінің ьір рет нокдаунда болғанын атап өту керек.

Ангелина Лукас осылайша өзінің кәсіби мансабындағы 5-ші жеңісіге қол жеткізіп, чемниондық атағын қорғап қалды. Стумаи Муки болса 4-ші рет жеңіліске ұшырады.


Соңғы жаңалықтар