Ангела Меркельге Нансен сыйлығы берілді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Біріккен Ұлттар Ұйымының Босқындар ісі жөніндегі жоғарғы комиссар басқармасы (БҰҰ БЖКБ) 2022 жылғы Нансен сыйлығы лауреатының есімін жариялады. Бұл жолы құрметті сыйлық Ангела Меркельге берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат БҰҰ жаңалықтар сайтына сілтеме жасап.

2015- 2016 жылдары Меркель Гермения канцлері қызметінде болғанда Сирияда қақтығыс аймағында қалған 1,2 млн-нан астам босқынға Германиядан пана алуға мүмкіндік беретін бірқатар маңызды шешімдер қабылдады. Сол кезіндегі қиындықтарға қарамастан, Ангела Меркель неміс халқын «өзіне сенімді және еркін, ашық және жанашырлыққа дайын» болуға және босқындарға көмектесуге шақырған еді.

БҰҰ-ның босқандар туралы ұйымы норвегиялық зерттеуші, ғалым, дипломат және гуманист Фритьоф Нансеннің құрметіне тағайындалған сыйлықты жыл сайын ұсынады. Оның лауреаты тек бір адам, адамдар тобы немесе ұйым болуы мүмкін.

Басты шарт – босқындар, қоныс аударғандар немесе азаматтығы жоқ адамдардың құқықтарын қорғауға ерекше үлес қосу. БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссары Филиппо Гранди Меркельдің баспана іздеушілерді қорғауға және адам құқықтарын, гуманитарлық қағидаттарды және халықаралық құқықты сақтау жігеріне жоғары баға берді.



Фото: news.un.org






Соңғы жаңалықтар