Ангела Меркель Берлиндегі оқиғаны теракт деп атады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Германия канцлері Ангела Меркель босқынның рождестволық жәрмеңкеге жиналған адамдарды жүк көлігімен басып өлтіруін ресми түрде теракт деп таныды. Шабуыл салдарынан 12 адам қаза тауып, 50-ден астамы жарақат алған еді.

Меркельмен қоса Германияның Ішкі істер министрлігі де бұл жағдайды теракт деп таныды, деп хабарлайды TJ.

ГФР канцлері «бұл жағдайға байланысты қатты қайғыратынын» жеткізді. Алайда, оның айтуынша, «Германия ары қарай тату өмір сүруге күш біріктіре алады». Меркель мәлімдегендей, неміс халқының бойын қорқыныш билемеуі тиіс. 

Соңғы жаңалықтар