Ангела Кейн әлемге төнген 7 қауіп-қатерді атады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазір орын алып жатқан сын-тегеуіріннің барлығы әлем тәртібінің заманауи жүйесіне қауіп төндіріп отыр. Бұл туралы Астана клубының 6-отырысында БҰҰ Бас хатшысының бұрынғы орынбасары Ангела Кейн айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Геосаяси тұрақтылық мәселесі де өте өзекті. Климаттың өзгеруі ғаламшардағы билік бөлінісіне әсер ете ме? Әлде осыған байланысты әлемнің жаңа келбеті пайда бола ма? Қазіргі уақытта әлемнің бір де бір мемлекеті жалғыз жүріп, бұл проблемаларды шеше алмайды. Бүгінде ауыз сумен, азық-түлікпен қамтамасыз ету, денсаулық сақтау мәселелері бәрімізге ортақ проблемаға айналған. Африка мен Оңтүстік Америка ресурстары үшін әлемдік деңгейдегі бәсекелестік күшейіп тұр. Әлемнің түкпір-түкпірінде әртүрлі апаттар да орын алып жатыр. Осы сын-тегеуіріннің барлығы қазіргі әлем тәртібінің заманауи жүйесіне қауіп төндіріп отыр», - деді Ангела Кейн.

Осы ретте ол бүкіл әлемге қатысты 7 қауіп-қатерді атап өтті.

«Біріншісі - ірі державалардың арасындағы мүдделер қақтығысы. Қазіргі кезде бұл фактордың өзектілігі артып келеді. Екіншісі – Америка поляризациясы және оның әлемге көрсететін ықпалы өте үлкен. Қазір Америка жаһандық суперимперия емес. Ресей мен Қытай сол билік вакумын толтыруға тырысып бағуда. Үшіншіден Қытайға да сақтықпен қарау керек. Өйткені, Қытайдың өз ішінде қысым бар. Оған әртүрлі факторлар әсер етеді. Қазір Азия Қытай билігінің артуына байланысты өзінің әлемдегі рөлін күшейте түсуде. Төртіншісі – Ресей және оның АҚШ мүддесімен қақтығысы. Бұл ретте Ресейдің Америка саясаткерлеріне көңілі толмайды. Бесіншісі – Еуропа елдерінің ішкі проблемалардан зардап шегуі. Қазіргі уақытта популизм, терроризм қаупі, көші-қон дағдарысы бар. Еуропа енді ғана Ауғанстан проблемасынан құтылды. Енді алдағы уақытта мұндай соғыстардан абай болуы керек. Алтыншысы – ислам радикализмі және өңірлік тұрақсыздық. Біз өңірлік қақтығыстарды байқап отырмыз. Жетіншісі - коронавирус пандемиясы. Коронавирус бүкіл әлем елдеріне сынақ. Сондықтан өте күрделі, кешенді шешімдер қабылдауға мәжбүр болдық. Әсіресе, азаматтарымыздың құқықтары мен бостандықтары шектелді. Бірақ, оның бәрі ұжымдық қауіпсіздік үшін жасалып жатыр», - деді шетелдік сарапшы.


Соңғы жаңалықтар