Ангель Меркель партиясына Армин Лашет басшылық жасайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Германияда Христиан-демократиялық партиясының онлайн-съезіне қатысушылар жаңа төрағаға дауыс берді. Сайлау процедрасы іс жүзінде поштамен дауыс беру біткен соң аяқталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Deutsche Welle агенттігіне сілтеме жасап.
Христиан-демократиялық партиясы съезіне қатысушылар Солтүстік Рейн - Вестфалия федеральды жерінің 59 жастағы премьер-министрі Армин Лашетті партияның жаңа төрағасы етіп сайлады. Оның кандитатурасын бүгін, 16 қаңтарда ХДП-ның екі күнге созылған видеоконференция режиміндегі съезі барысында шараға қатысушылар қолдап дауыс берді.
ХДП партиясының съезі пандемияға байланысты екі рет өткізу уақытын өзгерткен болатын.
Айта кетерлігі, Германия Федеративті Республикасының қазіргі канцлері, соңғы 15 жыл бойы ел үкіметіне басшылық жасаған Ангель Меркель өз кандидатурасын ұсынудан бас тартқан болатын.
- Рим Папасы Иракқа келді
- 5 млн-нан астам ресейлікке коронавирус вакцинасы салынды
- Биыл Қытайдың қорғанысқа жұмсайтын шығыны 200 млрд доллардан асады
- Илон Маск АҚШ-тағы қор сауда-саттығының қорытындысы бойынша $6,2 млрд жоғалтты
-
Brent маркалы мұнай бағасы 2020 жылдан бері алғаш рет барреліне $68 жоғары көтерілді
-
BTS тобының әншілері 2020 жылдың үздік әртістері атанды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам