Анджелина Джолидің қазақстандық сыңарын көше бұзақысы ұрып кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы, 2014 жылғы Қазақстан чемпионы, түр-келбеті Анджелина Джолиге қатты ұқсайтын Зарина Цолоева әлеуметтік желіде жайсыз оқиғаны жазды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, бір жыл бұрын дүкенге шыққан спортшыны бейтаныс ер адам себепсізден-себепсіз соққыға жыққан. 

«Тіпті рингте дәл мұндай соққы алған емеспін. Өткен жылы спорттық киіммен және құлаққаппен дүкенге шықтым. Екі көзім телефонда, қарсы бетте келе жатқан ер адамға зер салып қарамадым да. Сол сәтте ауыр соққыдан құлап түстім. Қайта тұрамын дегенше бұзақы қашып үлгерді. Ақшамды да, телефонымды да алған жоқ. «Неге?» деген сұрақ туындайды. Не үшін?», - деп жазды ол Инстаграмдағы жеке парақшасына.

Аталған жазбада спортшы өз оқырмандарына көшеде абай болуға және құлаққаппен жүрмеуге кеңес берді.

Не пугайтесь!) В ринге я так ещё не пропускала уж точно) (это было около года назад)Однажды решила сходить в магазин,купить чего нибудь вкусненького,шла в шапочке и наушниках,в спортивной форме,шёл дождик,не поднимая голову смотрела в телефон,лишь раз подняв глаза,в дали мельком увидела на встречу идущего парня или мужчину незнаю,снова опустив голову через пару минут просто упала от удара,сжалась и ждала момента ответить,но это были лишь секунды и после чего Он убежал,не телефона не денег ничего не взял.. спрашивается тогда,для чего?!Зачем?! В каком состоянии нужно быть чтобы сделать это!!? Можно много говорить,но хочется сказать всем до единого,что спортсмену что другому,будьте внимательны!!! И кстати!!! Наушники! Сколько раз говорили мне мои родители не одевай наушники на улице.. не послушала и вот..

A post shared by ЗАРИНА ЦОЛОЕВА👑👑👑 (@zarinatsoloeva) on Aug 11, 2017 at 1:23am PDT

Соңғы жаңалықтар