Андрей Лукин Сенаттың құқықтық комитет төрағасы лауазымына сайланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Парламенті Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы болып Андрей Иванович Лукин сайланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы қызметіне Андрей Иванович Лукиннің кандидатурасы ұсынылды. Депутаттар аталған кандидатураға бірауыздан дауыс берді.


Фото: senate.parlam.kz

Соңғы жаңалықтар