Андрей Голубев жұптық сында Германиядағы жарыстың жартылай финалына шықты

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстандық Андрей Голубев Германияның Хайльбронн қаласында өтіп жатқан челленджер жарысының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық теннисші украиналық Денис Молчановпен бірге екі кездесуін жеңіспен аяқтады.

Қазақстандық-украиналық жұп алдымен босниялық Дамир – Джумхур – ресейлік Павел Котовты тізе бүктірді – 7:6 (7:4), 6:3.

Доданың 4-ракеткасы болып тіркелген А.Голубев пен Д.Молчанов ширек финалда франциялық Джонатан Эйссерик – мексикалық Мигель Анхель Рейес-Вареламен шеберлік байқасты.

Бірінші партияда брейк жасаған Андрей мен Денис басымдылық танытты – 6:4. Содан кейін екінші сетте тай-брейкте жеңісті жұлып алды – 7:6 (7:4).

Бір сағат 40 минутқа созылған тартысты бәсеке барысында Голубев пен Молчанов 3 эйс жасап, 10 брейк-пойнттың біреуін ғана пайдаланды. Олардың жартылай финалдағы қарсыластары кейін анықталады.

Жүлде қоры 145 мың еуроға бағаланған аталмыш турнир 11 маусымда мәресіне жетеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның әлемдік рейтингіде ТОП үштікке енгенін жазған едік.

Михаил Кукушкин АҚШ-тағы турнирдің ширек финалына шықты.

Аружан Сағындықова Таиландтағы турнирдің ширек финалына өтті.


Соңғы жаңалықтар