Андрей Голубев жұптық рейтингіде әлемдегі үздік 40 теннисшінің қатарына енді

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Қазақстандық Андрей Голубев Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығының (АТР) жаңартылған рейтингісінде жұптық сында 39-орынға көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, бұл бірден 43 сатыға жоғарылаған А.Голубевтің спорттық жолындағы ең үздік көрсеткіші болып табылады.

Бұған дейін А.Голубевтің үздік нәтижесі 2015 жылғы наурыздағы 65-орын болатын.

Сонымен қатар өткен аптада Ролан Гаррос турнирінің финалына дейін жеткен Александр Бублик пен Андрей Голубев ATP-ның чемпиондық кестесінде 7-орынға шықты. Бұл – Қазақстан теннисі тарихындағы ең үздік көрсеткіш.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисшілердің Ролан Гаррос жарысының финалында жеңіліп қалғанын, ал Әмір Омархановтың Грузияда өткен турнирдің чемпионы атанғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Елена Рыбакина әлемдік рейтингіде 21-орынға көтерілді.



Соңғы жаңалықтар