+7 (701) 759 90 19
USD 389.98 EUR 434.01
RUB 6.10 CNY 55.04
Jańalyqtar

Андрей Чеботарев: Президент ескі гвардия мен жас саясаткерлердің үйлесімін сақтап отыр

2019 жылғы 19 қыркүйек 12:40
Бөлісіңіз:
Андрей Чеботарев: Президент ескі гвардия мен жас саясаткерлердің үйлесімін сақтап отыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кадрларды жасартуға бағытталған белсенді кадрлық саясат жүргізе бастады. Мемлекет басшысының қызметке кіріскеніне 100 күн толуына орай саяси ғылымдар кандидаты Андрей Чеботарев осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

«Мемлекет басшысы қоғаммен диалог орнату үшін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құрды. Бізде бұған дейін өңір-өңірлерде, орталықта бұрын қоғамдық кеңестер көп еді. Алайда, бұл жолы сапалы түрде жаңа орган құрылғанын көріп отырмыз. Бұл орган Президент өз аузымен айтқан бастамаларды іске асыратын болады. Президент сонымен бірге кадрларды жасартуға бағытталған белсенді кадрлық саясат жүргізе бастады. Яғни, ол ескі гвардия мен жас саясаткерлердің үйлесімін сақтап отыр. Жаңа Сауда және интеграция министрлігі мен Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі құрылды. Агенттік екіге бөлінді. Бұл да дұрыс шара дер едім. Себебі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласын қалайда мемлекеттік кадрларды даярлау саласынан бөліп алу керек», - деді Андрей Чеботарев елордадағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен «Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Президенттігі: алғашқы 100 күн – мақсаттар, қадамдар, тактикасы» атты дөңгелек үстел отырысында.

Сарапшының айтуына қарағанда, Президенттік жастар резервінің құрылуы да кадрларды жасартуға бағытталған.

«Президент бейбіт шерулер туралы заңнаманы жетілдіру жөнінде бірнеше мәрте мәлімдеген болатын. Сұхбатында да ол туралы айтқан. Яғни, Мемлекет басшысы қоғамның белсенділігін байқап, қатаң шаралардың қажеті жоқтығын білдірді. Бұл тренд басталды. Яғни, аталмыш заңнама бойынша жұмыс жүргізілуде», - деді Андрей Чеботарев.

Айта кетсек, Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мемлекет басшысы ретінде халық алдында ант беріп, ұлықтау рәсіміне қатысқалы бері бүгін 100 күн толып отыр. Осы күндер ішінде атқарған жұмыстарының видеошолуын мына сілтемеден көруге болады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Қазақстан Президенті,
Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT