Андрей Чеботарев: Депутаттық корпустың жаңа құрамына үлкен жауапкершілік артылғалы отыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламенттің биылғы сайлауы – 2021 жылдың жаңа саяси кезеңінің қақпасын ашып берді. Саяси ғылымдар кандидаты Андрей Чеботарев осылай деп пікірін білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Былтырғы қиындықтар халыққа да, мемлекеттік билікке де оңайға түскен жоқ. Себебі індет біреуді бай, біреуді кедей деп бөлмей, көз алдындағысын жайпап өтті. Осындай жағдайда экономикалық ахуалды тұрақтандыру мақсатына қол жеткізілді. Қолданыстағы заңнама аясында саяси реформалар жүзеге асты. Пандемияға байланысты сайлау мерзімі өзгеретіні, дауыс беру онлайнға өтетіні жайлы әртүрлі алыпқашпа әңгіме болған еді. Алайда елдің басшылығының еңбегін атап өту керек. Себебі сайлау жеткілікті деңгейде ұйымдастырылып отыр. Жекелеген әрекеттерге байланысты пікір таластыруға болады. Алайда сайлау мерзімінде өтті, ең бастысы сайлау – 2021 жылдың жаңа саяси кезеңінің қақпасын ашып берді», - деді Андрей Чеботарев елордада өткен «SAILAU-2021: Парламент сайлауының алдын ала қорытындылары» атты сараптамалық талқылауда.

Саясаттанушы Президенттің саяси реформалардың екінші пакетін дайындап жатқанын еске салды. Тиісінше, Парламент Мәжілісінің жаңа құрамы Президент білдірген ұсыныстардың заңнамалық жұмысын жүргізеді.

«Бұл ретте Мәжілістің жаңа құрамына үлкен жауапкершілік артылғалы отыр. Бес партиялардың кейбірі сайлауда өтпей қалса да олардың өкілдері жергілікті мәслихаттарда болар деген сенімдеміз. Себебі өңірлерде белгілі бір адам әкімдіктің көмегімен сайланып жатса, ештеңе істемей, өз мүддесімен жүрсе – еш нәрсе өзгермейді. Естеріңізге түсіріп көріңіздерші, пандемияның шырқау шегінде мәслихаттардың тіпті барын ұмытып кеттік. Ал қазір мәслихаттардың құрамында саяси партиялардың өкілдері болса, оларға деген талап та күшейер еді», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар