Андрей Аршавин Қазақстан Чемпионатының үздік футболшысы атанды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы тамыз айындағы Қазақстан Чемпионатының үздік бапкері мен футболшысын таңдауға арналған дәстүрлі сауалнаманың қорытындысын жасады. Бұл жөнінде ҚКФЛ Вконтакте желісінде мәлім етті.

Әдеттегідей дауыс беруге Премьер-лига командаларының жетекшілері қатысты.

Айдың үздік футболшысын анықтау барысында сауалнама респонденттерінің әрқайсысы үш ойыншының ішінен біреуін атаған. Бұдан кейін оларға орналасқан орындарына байланысты ұпай берілген. 1-ші орынға - 3 ұпай; 2-ші орынға - 2, үшінші орынға - 1. Барлық ұпайлар қосылған соң қорытынды жасалды.

Үздік бапкерді анықтау кезінде сауалнамаға жауап берушілер бір нұсқадан таңдады.

Сауалнама нәтижесі мынадай: өткен айдың Премьер-лигасының үздік ойыншысы болып «Қайраттың» шабуылдаушы жартылай қорғаушысы Андрей Аршавин таңдалды. Спортшы жалпы 20 ұпай жинаған.

Тамыз айының үздік бапкері атағын «Жетісудың» бапкері Дмитрий Огай мен «Атыраудың» жаттықтырушысы Виктор Кумыков өзара бөлісті. Қос маман 4 ұпайдан жинаған.

Соңғы жаңалықтар