Андрей Аршавин: Алматы маған қатты ұнайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық «Қайраттың» көшбасшысы Андрей Аршавин «Спортфактіге» клубпен келісімшартты ұзартуы жайында әңгімелеп берді. Қазақстанда бірнеше жыл боласың ба деген сұраққа Андрей Аравшин: «Клуб менен күткен ойынды көрсетуге әзірмін» деп жауап берді.

 «Клубтың көңілінен шығатын ойын көрсетсем, бәрі мүмкін. Мен футбол ойнағым келеді, «Қайрат» маған сол мүмкіндікті берді. Егер келісімшартқа келсек, ол екі маусымды қамтиды, 2017 жылдың желтоқсанына дейін. Ал шартқа негіз болған клубтың президенті Қайрат Советаевпен ауызша уағдаластық.  Оның трансферлік кезеңдердің бірінде менің келісімшартымды бұзуына құқығы болды.  Мен бұл шартты қабылдадым, бірге жұмыс істедік.

Ол «Андрей бірге жұмыс істеуді жалғастырамыз, менің көңілім толады» деп қоңырау шалғаны шартты ұзартуға себеп болды. Маған Алматы ұнайды. Сондықтан «Қайраттың» сапында ойнай беремін.  Ал Қайрат Советаевтың шартты бұзуға құқығы бар», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар