Анасы балконнан лақтырып жіберген 1 жас 3 айлық Хадиша Көкенай ауруханадан шықты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Анасы балконнан лақтырып жіберген 1 жас 3 айлық Хадиша Көкенай ауруханадан шықты. Бұл туралы Алматы қаласының бас хирургы Нұржан Исабеков хабарлады.

"Баланың денсаулығы өте жақсы. 2-қалалық балалар ауруханасына оңалту шаралары үшін жіберілген болатын. 6 қазанда туысқандарының үйіне шығарылды", - деді бас хирург.

Оның айтуынша, баланың денсаулығына төніп тұрған қауіп жоқ болғанмен, ол үнемі дәрігерлердің бақылауында болады.

Баланың анасы, 33 жастағы Жадыра Құлмамырова да оңалту шараларынан өтіп жатыр.

«Ол омыртқа сынығымен түскен болатын. Қазір беті бері қарап келеді. Егер толығымен жазылып шықса, жақында ауруханадан шығарылып, құқық қорғау органдарының қолына тапсырылады», - деді Н.Исабеков.

Естеріңізге сала кетейік, 1982 жылы туған келіншек өзінің 2007 жылы және 2014 жылы дүниеге келген екі қызын 5 қабатта орналасқан пәтерінің терезесінен лақтырған, кейіннен өзі де сол терезеден секірген. Салдарынан кәмелеттік жасқа толмаған Айша Көкенай есін жимай сол жерде қайтыс болған, ал 2014 жылғы бүлдіршін мен келіншектің өзі көптеген дене жарақаттарымен Алматы қалалық орталық ауруханаға жеткізілген.

Келіншекке қатысты ҚР ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігімен, 99-бабының 2-бөлігі, 1,14-тармақтарымен, ҚР ҚК-нің 99-бабының 2-бөлігі 14-тармағымен қылмыстық іс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар