Анастасия Городко фристайл-могулдан Еуропа кубогі кезеңінде «алтын» алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Финляндияның Ювяскюл қаласында фристайл-могулдан Еуропа кубогінің кезеңі басталды. Алғашқы күні Қазақстан командасы бір алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Анастасия Городко жарыс барысында қарсылас шақ келтірмеді. Нәтижесінде үздік атанып, ел қоржынына бір алтын медальді салды. Жарыс қорытындысы бойынша германиялық Ханна Весса екінші болса, ресейлік спортшы Светлана Иванова үшінші орыннан көрінді.

Ал тағы бір қазақстандық спортшы Олеся Граур жарысты бесінші орынмен аяқтады.



Соңғы жаңалықтар