#АнашымМаскаТақтыңызБа: Ел жастары жаңа челлендж бастады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы індет өршіген қазіргі ахуалға байланысты жаңа челлендж бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі жағдайда елу жастан асқан адамдардың вирус жұқтыру ықтималдығы жоғары. Өмірге келген күннен бастап аналарымыз бізге өздерінің мейірімін көрсетуде. Әлемдегі ең қымбат адам – ана. Осындай қиын кезеңде біз жақындарымызға қолдау көрсетуіміз керек. Осыған орай «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы «#АнашымМаскаТақтыңызБа» атты республикалық челленджді бастайды. Аталмыш челленджді «Balapan» арнасына, белгілі блогер Аминка-витаминкаға, әнші Ержан Максимге, егіздер Адина мен Мәдинаға және барша жасұландықтарға жолдаймын. Өзіңізге және жақындарыңызға қамқор болыңыздар. Маска тағыңыздар. Ауырмаңыздар», деп жазды «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының төрайымы Сәдуақасова Динара желідегі парақшасында .

Челленджге қатысу үшін маска таққан анаңызбен бірге түскен суретті немесе видеоны әлеуметтік желілерге жариялып, #АнашымМаскаТақтыңызБа хештегін қою қажет.


Соңғы жаңалықтар