Анашымды, әкемді, бауырларымды сағындым – Атыраулық дәрігер Перизат Жангерова

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облыстық жедел жәрдем стансасының дәрігері Перизат Жангерова атыраулықтарды сақтық шараларын сақтауға шақыра отырып видео жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, таңертең ауысымды қабылдаған соң арнайы қорғаныш киімін киеді. Шақыру смартфон арқылы түседі.

«Коронавирус басталғалы біздің өміріміз өзгерді. Біріншіден, отбасымызды сағындық. Біз үйге бармаймыз. Өйткені, қауіпті індет болғандықтан, өзіміз де уайымдаймыз. Анашымды, əкешімді, бауырларымды сағындым. Шыны керек, маған туыстарым телефон соғып, «бəрі өтірік ғой» деп сенбей жатады», - деді дәрігер.

Дәрігер атыраулықтарға үйден шықпаудың қажеттігін айттты.

«Ауа жетпей қиналып жатқан науқастарды көргенде жаның ашиды, жүрегің ауырады. Қауіпті індеттің ортасында жүргендіктен, қорқыныш болады. Бірақ, халықты ойлаймыз. Үйде отырайық, шыдайық. Өзіміз үшін карантин талаптарын, гигиенаны сақтайықшы»- деді Атырау облыстық жедел жəрдем стансасы №11 бригадасының дəрігері Перизат Жангерова.


Соңғы жаңалықтар