Анашым, маска тақтыңыз ба: Ержан Максим жаңа челленджді қолдады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық жас әнші Ержан Максим әлеуметтік желіде #АнашымМаскаТақтыңызБа челленджіне қолдау білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұған дейін «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының індет өршіген қазіргі ахуалға байланысты жаңа челлендж бастағаны хабарланған еді.

Челленджге қатысу үшін әлеуметтік желіде анаңызбен бірге маска тағып түскен суретті немесе видеоны жариялап, #АнашымМаскаТақтыңызБа хештегін қойып, @jasulan_qz парақшасын белгілеу қажет.

«Мен «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының #АнашымМаскаТақтыңызБа челленджін қолдаймын. Достар, сіздерді де аналарымыз бен жақындарымыздың қамқорлығы үшін ұйымдастырылған челленджге қосылуға шақырамын», - деп жазды жас әнші Instagram парақшасында.

Ержан Максим челленджді «Голос дети» шоуының жетінші маусымына қатысқан Миржан Жидебайға, блогер Аминка-Витаминкаға және әнші Жанар Дұғаловаға жолдады.


Соңғы жаңалықтар