Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 378.01 EUR 420.88
RUB 5.84 CNY 54.64
Jańalyqtar

«Анашым, біз үйдеміз» жаңа тележобасы басталады – Дәурен Абаев

2019 жылғы 15 мамыр 12:29 763
Бөлісіңіз:
«Анашым, біз үйдеміз» жаңа тележобасы басталады – Дәурен Абаев

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда «Анашым, біз үйдеміз» тележобасы басталады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

«Әлеуметтік аз қамтылған отбасыларды демеу еліміздегі басты бағыттардың бірі. Мысалы, жыл сайын көпбалалы отбасыларды қолдау мақсатында көптеген мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылуда. Ағымдағы жылдың өзінде атаулы әлеуметтік көмекпен қатар 40 мың жалдамалы пәтер құрылысына қатысты жаңа іс-шаралар қолға алынды. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі де көпбалалы отбасыларға байланысты бастамаларды қолдауға әрдайым дайын. Осы орайда мемлекеттік ақпараттық тапсырыс аясында «31-арнамен» бірігіп «Анашым, біз үйдеміз» деп аталатын жаңа жобаны көрерменге ұсынып отырмыз», - деді министр.

«Анашым, біз үйдеміз» жаңа тележобасы басталады – Дәурен Абаев 

Осы орайда ол пәтерді жөндеу бүгінгі таңда әсіресе көпбалалы отбасылар үшін ең өзекті мәселелердің бірі болып отырғанын баса айтты.

«Отандық телеөнім арқылы осы мәселенің шешімін табамыз деп ойлаймыз. Пәтерлер мен үйлер толық жаңарып, жобадағы әрбір отбасы мүшелерінің өмір сүруі үшін барынша ыңғайлы баспаналарға айналады. «Анашым, біз үйдеміз» жобасының кейіпкерлерімен де көрермен жан-жақты танысады. Отбасының тұрмысы, тағдыры ешкімді де бей-жай қалдырмайды деп ойламын», - деді Дәурен Абаев.

«Анашым, біз үйдеміз» жаңа тележобасы басталады – Дәурен Абаев 

Айта кетейік, жобаны дайындау бүгін басталды. Оған қатысу үшін өтінімді dom@31.kz электрондық поштасына жіберу немесе +7 7082677326 нөмірі арқылы жоба үйлестірушілеріне байланысу қажет. Ал 11 тамыздан бастап «31-арна» көрермендері әр отбасымен жеке танысып қана қоймай, олардың пәтерлері мен үйлерінің барынша көркейгеніне куә болады.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
MURAǴAT