Анархан Дүйсенова Еңбек министрлігі аппаратының басшысы қызметіне тағайындалды

None
Фото: primeminister.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығымен Анархан Қалиқызы Дүйсенова ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды.

Бұл туралы ҚазАқпарат Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Анархан Дүйсенова 1971 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.

Көкшетау медициналық училищесін, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін және М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолын 1990 жылы Көкшетау облысындағы туберкулез диспансерінің зертханашысы болып бастаған.

1991-1994 жж. – балабақша медбикесі.

1994-2003 жж. – Чермошнянка ауылындағы фельдшерлік-акушерлік пунктінде патронаж мейірбикесі.

2003-2006 жылдары Тайынша аудандық мәслихатының хатшысы болып жұмыс істеді.

2006-2011 жылдары Тайынша ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

2011-2014 жылдары «Нұр Отан» ХДП Тайынша аумақтық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болып жұмыс істеді.

2014-2017 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары болды.

2017-2018 жж. – ҚР ЕХӘҚМ Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті төрағасының орынбасары.

2018-2019 жж. – «Нұр Отан» партиясы орталық аппаратының ұйымдастыру және аумақтық жұмыс департаментінің директоры.

2019-2021 жылдары «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ вице-президенті, басқарушы директоры болды.

2021 жылғы шілдеден бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР ЕХӘҚМ Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті төрағасының орынбасары болып қызмет етті.


Соңғы жаңалықтар