Валюта бағамдары:
    usd/kzt 477.98 eur/kzt 488.93

    rub/kzt 7.93 cny/kzt 70.82
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: 1 °С
Алматы: 15 °С

Анар Жайылғанова: Президенттік кадр резервінде лауазымды басшылардың балалары жоқ

2021 жылғы 27 желтоқсан 13:43

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Президенттік жастар кадр резервіне үміткерлердің арасында жоғары лауазымды тұлғалардың туыстары бар ма? Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғановаға осындай сауал қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Иә, біз ол жағын міндетті түрде тексереміз. Олрдың қатарында жоғары лауазымды шенеунік туысы бар кандидаттар немесе лауазымды тұлғалардың балалары жоқ. Біз керісінше мүмкіндігі жоқ жастарға «әлеуметтік лифт» үсынғымыз келеді. Негізі олар конкурсқа қатысып-ақ мемлекеттік қызметке бара алар еді. Бірақ Президенттік жастар кадр резерві арқылы өткісі келсе, неге болмасқа? Бізде кадр резервіне өткен адамдардың арасында жоғары лауазымды шенеуніктердің балалары жоқ», - деді Анар Жайылғанова.

Шара барысында биыл Президенттің жастар кадр резервін іріктеуге бюджеттен 70 млн теңге жұмсалғаны белгілі болды.

«2021 жылы Президенттік жастар кадр резервін іріктеу жұмысын ұйымдастыруға мемлекет бюджетінен 70 млн теңгеге жуық қаржы бөлінген. Ол қаражат ІТ-платформаны дайындауға, сарапшыларды тартуға, ассесмент-орталық ұйымдастыруға жұмсалды», - деді ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Ерлан Әбіл.


Автор:

Есімжан Нақтыбай

Новости по теме