Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 378.83 EUR 430.99
RUB 6.04 CNY 55.05
Jańalyqtar

Анар Жайылғанова - Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы

2019 жылғы 14 маусым 12:36 1179
Бөлісіңіз:
Анар Жайылғанова - Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы

 НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының Жарлығымен Анар Жайылғанова Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ұқсас жаңалықтар
Ақтөбе қаласына жаңа әкім тағайындалды Осы аптада елімізде төрт министр тағайындалды

Анар Жайылғанова 1969 жылы 10 шілдеде Шығыс Қазақстан облысы Шар ауданы Белтерек ауылында туған. 1986 жылы Белтерек ауылының орта мектебін тәмәмдап, осы жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетіне түсіп, 1991 жылы үздік аяқтады. 1999 жылғы желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік-құқықтық бөлімінің аға сарапшысы лауазымына ауысты.

2000 жылғы қыркүйекте Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының кеңесшісі, 2004 жылғы желтоқсанда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы болып қызмет атқарды. 2008 жылы 13 наурызда Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының Қаулысымен Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшесі болып тағайындалды.

2002 жылы «Қазақстан Республикасында сот қызметін ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету» тақырыбы бойынша кандидаттық диссертациясын қорғады.


«Қазақстан Республикасы Конституциясына - 10 жыл» мерекелік медалімен марапатталған.

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
MURAǴAT