Анар Жайылғанова Мемлекет басшысына алғысын білдіріп, агенттік ұжымына ризашылығын жеткізді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Анар Жайылғанова Мемлекет басшысына білдірген сенімі үшін алғысын білдіріп, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ұжымына бірлескен жұмыс үшін ризашылығын жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Менің ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасы лауазымындағы қызметім өз мәресіне жетті . Агенттікке жетекшілік еткен 3 жылға жуық уақыт ішінде мемлекеттік аппаратты жетілдіру бағытында ауқымды жұмыс атқарылды. Атап айтқанда, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2 мәрте Президенттік жастар кадр резервін қалыптастырдық, Мемлекеттік қызметке орналасу бойынша азаматтардың талап тілегін ескере отырып, конкурс процедурасын жетілдірдік, алғаш рет саяси мемлекеттік қызметшілерді ротациялау жүйесін енгіздік, халық игілігі үшін мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бағытында кешенді іс-шараларды қолға алдық және мемлекеттік қызмет жүйесін дамыту бағытында көптеген жобалар жүзеге асырылды», - деді Анар Жайылғанова.

Ол Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа білдірген сенімі үшін алғыс айтты.

«Барша агенттік ұжымына бірлесе атқарған жұмыстары үшін ризашылығымды жеткіземін. Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке, істеріңізге жаңа жетістіктер тілеймін!», - деді Анар Жаилғанова.


Соңғы жаңалықтар