«Анаға апарар жол» фильмі Нью-Йоркте өткен кинофестивальда үздік деп танылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық режиссер Ақан Сатаевтың «Анаға апарар жол» картинасы Нью-Йоркте өткен кинофестивальда үздік көркем фильм деп танылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мен біздің «Анаға апарар жол» фильміміздің Нью-Йорктегі еуразиялық кино кинофестивальнде үздік көркем фильм ретінде танылғандығын қуана хабарлаймын»,-деп бөлісті қуаншымен режиссер Ақан Сатаев өзінің Instagram желісіндегі парақшасында.

Оның сөзінше, фестивальда фильмнің продюсері Әлия Назарбаева «Еуразия әйелдері кинода» наградасын алған, ал Алтынай Нөгербек ең үздік актриса атанды.

Осыған дейін Бішкекте «Ақ ілбіс» VI Ұлттық сыйлығын тапсыру рәсімінде «Анаға апарар жол» фильмі «Орталық Азиядағы үздік фильм» атанған болатын. Онда «Анаға апарар жол» «Орталық Азияның үздік фильмі», «Орталық Азияның үздік актері» (Әділ Ахметов), «Орталық Азияның үздік актрисасы» (Алтынай Нөгербек) атты үш аталымға ұсынылған еді.

Бұл фильм сонымен қатар 38-ші Мәскеу халықаралық кинофестивалі мен «Еуразиялық көпір» халықаралық кинофестивальнде көрсетілді және аталмыш байқауларда Алтынай Нөгербек «Үздік әйел рөлі» атағын жеңіп алды.

Бұған қоса, тарихи драма «Сыншылар таңдауы» (Выбор критиков) киносыйлығының үш атағын жеңіп алды. Олардың арасында «Үздік әйел рөлі» сыйлығына Алтынай Нөгербек, «Екінші пландағы үздік әйел рөлі» сыйлығына Аружан Жазылбекова лайықты деп табылса, «Фильмге жазылған үздік музыка сыйлығы» Әлім Заиров пен Роман Вишневскийге бұйырды.

Еске сала кетейік, «Анаға апарар жол» фильмінде өмір жолында көптеген қиындықтарды бастан өткерген адамның тағдыры баяндалады. Оның өмір жолында кездескен қиындықтардың барлығын еңсеруіне өзінің анасына деген махаббаты көмектеседі. Басты кейіпкердің өмір жолы арқылы картинада қазақ халқының тағдыр талайы көрініс тапқан.

Түсірілімдер елімізде және Әзербайжан, Беларусь сияқты мемлекеттерде өткен. Басты рөлдерді Алтынай Нөгербек, Әділ Ахметов, Аружан Жазылбеков пен Еркебұлан Дайыров сомдайды.

Рад сообщить, что наш фильм «Дорога к матери» признан лучшим художественным фильмом на Нью-Йоркском кинофестивале Евразийского кино! Также Алия Назарбаева получила за него награду "Евразийские женщины в кино", а Алтынай Ногербек @nogerbek признана лучшей актрисой! #kazakhfilm #дорогакматери #aliya_nazarbayeva_zhandanu #sataifilm #поддержимКЗкино

Публикация от Akan Satayev (@akansatayev) Июн 20 2017 в 9:02 PDT

Соңғы жаңалықтар