«Анаға апарар жол» АҚШ кинотеатрларында көрсетіледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жылдың күзінде қазақстандық режиссер Ақан Сатаевтың «Анаға апарар жол» фильмі АҚШ кинотеатрларынан көрсетіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жаңалықты режиссер өзінің Инстаграм парақшасында жариялады.

«Достар, WWMPC (World Wide Motion Pictures) компаниясы «Анаға апарар жол» фильмін АҚШ аумағында көрсету құқығын иеленді. Осы күзде біздің фильм АҚШ кинотеатрларының прокатына енеді.  Фильмнің әлеуметтік желідегі жеке парақшасын қарай жүріңіздер», - деп жазды Ақан Сатаев.

Айта кетейік, кинода ананың шексіз мейірімі, туған жерге адалдық пен сүйіспеншілік жайлы сыр шертіледі. Сонымен бірге, саяси қуғын-сүргін, кәмпескелеу, ашаршылық, Екінші дүниежүзілік соғыс сынды қазақ тарихындағы нәубеттер көрсетілген.

Картина бұған дейін де әлемді мойындатқан болатын. Атап айтқанда, Испания, Ресей, Хорватия кинофестивальдерінде жоғары марапаттарды жеңіп алды. 2018 жылдың наурыз айында «Анаға апарар жол» фильмі Нью-Йорктегі кинофестивальдің «Үздік көркем фильм» номинациясын иеленді.

Соңғы жаңалықтар