+7 (701) 759 90 19
USD 385.76 EUR 427.89
RUB 6.04 CNY 54.79
Jańalyqtar

Ана тіліміздің кез келген мәселесі біз үшін өте маңызды – Дәурен Абаев

2019 жылғы 14 қазан 12:06
Бөлісіңіз:
Ана тіліміздің кез келген мәселесі біз үшін өте маңызды – Дәурен Абаев

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақ тіліне қатысты мәселелерді байыппен шешкен жөн. Бұл туралы «Qazaqstan» телеарнасының «Kózqaras» бағдарламасына сұхбат берген ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Павлодарда 2 мыңға жуық адамның мемлекеттік тілді меңгеру деңгейі тексеріледі Ақтоты Райымқұлова: Жаңа әліпбиге көшу — қазақ тілінің өміршеңдігін арттырады Мұхтар Шаханов Мемлекет басшысының алғыс хатымен марапатталды

«Бұл мәселе туралы мен де білемін. Әрине, журналистердің қойып отырған талабы өте орынды. Бәріміз де білеміз, тіл - көшпенді қазақ халқының ең асыл қазынасының бірі. Тарихымыз да, тамырымыз да тілмен тығыз байланысты. Сондықтан ана тіліміздің кез келген мәселесі біз үшін өте маңызды. Тіл - ұлттың жаны. Бірақ, біздің журналистер «тіл, тіл, тіл» деп шулайды, шулап та жүр. Түсінеміз. Бірақ та, басқа салада, экономика, өндіріс, инвестиция саласында көптеген кәсіби мамандарымыз жұмыс істейді. Олардың тіл білмеуі олардың қателігі емес. Тілді үйреніп те жүр, тырысып та жүр. Бірақ, олар кезінде орыс мектептерінде оқыды, шетелде де оқыған шығар. Сондықтан қазақ тілін онша жақсы білмейді. Бірақ та, бұл саланың бәрінде жұмыс істеу қажет қой? Қажет. Олар - кәсіби мамандар. Сондықтан менің ойым, бұл мәселе рет-ретімен шешіледі. Ағайын, әр мәселені байыппен, ақылмен шешкен жөн», - деді министр.

Осы орайда ол 1991 жылы қазақ мектептерінде 1 млн бала оқыса, қазіргі уақытта 2 миллионнан астам бала оқып жүргенін мысалға келтірді.

«Яғни, қазақ сыныбын бітірген балалардың саны 2 есе артты. Қазақ мектебінде оқып жүрген осы оқушылар мемлекеттік органдарға және басқа да салаларда ана тіліміздің қолдану аясын кеңейтетіні сөзсіз. Бірақ, оған уақыт керек», - деді Дәурен Абаев.

Естеріңізге сала кетсек, таяуда БАҚ өкілдері қазақ тілі мәселесін қайта көтеріп, Президентке хат жазуға ниет еткен болатын.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT