Ана сүті - баланың дұрыс дамуының кепілі

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ана сүтінде бала өмірінің алғашқы 6 айына қажеттінің бәрі бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат Салауатты өмір салтын қалыптастыру мамандары қауымдастығына сілтеме жасап.

Қауымдастық өкілдерінің айтуынша, нәресте туғаннан кейін мүмкіндігінше тезірек анасының кеудесіне жатқызылуы керек. Алғашқы айларда ана сүтінен басқа сұйықтықтар мен тағамдарды, тіпті қайнатылған суды да берудің қажеті жоқ. Өйткені баланың ішегінде ас қорыту ферменттері әлі жоқ және ол басқа тағам түрлерін сіңіре алмайды. Алғашқы алты айда тек ана сүтімен тамақтандыру нәрестені диареядан, анемиядан және басқа аурулардан қорғайды. Балаға шай беруге болмайды, өйткені ол анемия тудыруы мүмкін. Әрбір әйел баласына жеткілікті сүт бере алатынына сенімді болуы керек. Оның сүті балаға әрқашан сапалы және толыққанды тамақтану болып табылады. Емізу анаға ауырсынуды тудырмайтындығына көз жеткізу керек. Егер бала емізгенде әйелдің бір жері ауырса, онда ол баланы дұрыс емізбеген. Мұндай жағдайда медицина мамандарының кеңесіне жүгіну қажет.

«Бала кемінде 2 жасқа дейін ана сүтмен тамақтануы қажет. Ана сүті - бұл нәресте үшін толыққанды тамақтану, инфекциялардан қорғану, психомоторлы және эмоционалды дамуы, бала мен ананың байланысы»,-дейді мамандар.


Фото: thirdage.com
Соңғы жаңалықтар