Ан-148 апаты: ҚР СІМ жолаушылар арасында қазақстандықтардың бар-жоғын анықтауда

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеу облысында апатқа ұшыраған Ан-148 ұшағының жолаушылары арасында қазақстандықтардың  бар-жоғы анықталуда. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Әнуар Жайнақов мәлім етті.

«Қазіргі уақытта қазақстандықтардың бар-жоғы (ұшақ жолаушылары арасында - авт.) туралы мәліметтер жоқ», - деп атап өтті Әнуар Жайнақов.

Еске салайық, Еске салайық, бүгін Мәскеудің Домодедово әуежайынан көкке көтерілген Ан-148 жолаушылар ұшағы көп ұзамай радардан жоғалып кетті.

«Саратов әуе желілері» компаниясына тиесілі ұшақтың бортында 65 жолаушы мен 6 экипаж мүшесі болғаны хабарлануда. 

Кейін РФ Төтенше жағдайлар министрлігі Ан-148 ұшағының қалдықтары Мәскеу облысының Раменск ауданында табылғанын растады.

«Степановское ауылының аумағында Ан-148 ұшағының қирандылары мен қаза болған бірнеше адамның денесі табылды», - деп мәлім етті ТАСС-қа Ресей Төтенше жағдайлар министрлігінен.

Бұған дейін шұғыл қызметтер әуе кемесінің апаты салдарынан аман қалғандар жоқтығын мәлім етілді. 

Соңғы жаңалықтар