Ан-12 ұшағы «Львов» әуежайы маңына апатты жағдайда қонды

None
None
ЛЬВОВ. Укринформ-ҚазАқпарат – Бүгін таңертең радардан жоғалып кетіп, ұшып-қону жолағынан 1,5 шақырым жерде табылған Ан-12 ұшағы «Львов» әуежайының маңында апатты жағдайда қонуға мәжбүр болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ukrinform-ға сілтеме жасап.

Украинаның Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік қызметінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 4 қазан күні сағат 07:10-да «Львов» халықаралық әуежайынан 13,7 шақырым қашықтықта Ан-12 ұшағы радардан жоғалып кеткені туралы хабар келіп түсті. 07:29-да экипаждың бір мүшесі байланысқа шығып, Ан-12 ұшағы апатты жағдайда қонғаны туралы мәлім еткен. 07:46-да Ан-12 ұшағы ұшып-қону жолағынан 1,5 шақырым жерде табылды», делінген хабарламада.

Ұшақ өртенбеген. Экипажды зақымдалған ұшақтан шығару жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар