Амурдың қос жағалауында тұратын ресей мен қытай тұрғындары Жеңістің 70 жылдығына арналған отшашуды тамашалайтын болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Амур өзенінің қос жағалауын мекен еткен ресей мен қытай елдерінің тұрғындары бір уақытта Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы құрметіне арналған отшашуды тамашалайтын болады.

Бұл туралы ТАСС хабарлайды.

«Жеңіс күні мерекелік отшашуды шекарадағы өзеннің екі жағасынан берілетіні туралы уағдаластыққа Благовещенск делегациясының қытайлық Хэйхэ қаласына жасаған ресми сапары кезінде қол жеткізілді», - деп хабарлады Благовещенск әкімшілігінің баспасөз қызметінен.

Благовещенск - РФ субъектісінің тікелей мемлекеттік шекарада орналасқан жалғыз әкімшілік орталығы, оған қарама-қарсы Қытайдың Хэйхэ қаласы орналасқан, бұл екі қаланы Амур бөліп тұр. Ресейлік облыс орталығында 220 мыңға жуық адам тұрады.

Соңғы жаңалықтар