Амстердам соты Стати ісіне қатысты шешімді Қазақстанның пайдасына шешті

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 8 ақпанда Амстердам аудандық соты кәсіпкерлер Анатолий мен Габриэль Статидің және олардың компанияларының («Стати») «Самұрық-Қазынаға» қарсы шағымдары негізсіз деп шешті. Сот Статиге «Самұрық-Қазына» мен Қазақстан Республикасы шеккен сот шығынын төлеуге міндеттеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық әл-ауқат қорына сілтеме жасап.

Шешім істі талқылау барысында шығарылды. Онда Стати «Самұрық-Қазына» іс жүзінде Қазақстан Республикасының бір бөлігі, сондықтан Қазақстанға қарсы төрелік шешім бойынша болжамды талаптар үшін жауап береді деп мәлімдеді.

Бұл Нидерланды сотының «Самұрық-Қазына» мен Қазақстан Республикасының пайдасына Стати ісі бойынша алғашқы шешімі емес.

9 қаңтарда Амстердам Округтік соты Нидерландының жария тәртібіне қарсы келетін Анатол Стати, Габриэль Стати, Ascom Group S. A. және Terra Raf Trans Trading LTD. (Стати) процессуалдық алаяқтығы нәтижесінде алынған төрелік шешімді орындау туралы талап-арызын қанағаттандырудан бас тарты.


Фото: depositphotos.com

Соңғы жаңалықтар