Амстердам әуежайында әлемдегі ең ірі есірткі тасушының бірі қолға түсті

None
None
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – Әлемдегі ең ірі есірткі тасушының бірі Нидерландыдағы Схипхол әуежайында ұсталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі De Telegraaf-қа сілтеме жасап.

Тегі қытайлық Канада азаматы Це Чи Лоп (Tse Chi Lop) Австралия мен Нидерланды полиция қызметінің өзара әрекеттестігінің арқасында қолға түсті. Ол героин мен синтетикалық есірткі тасымалдады деген күдікпен ұсталған.

Чи Лоп «наркоимпериясында» 20 млрд еуродан астам қаржы айналымда жүр деп есептеледі. Ол көптеген жыл бойы іздеуде болған.

Нидерланды бұқаралық ақпарат құралдары оның «Сэм Гор» атты ірі топтың серкесі болғанын, Азияда қызмет еткен «Компания» тобының басшысы болғанын жазды.

Соңғы жаңалықтар