Амманда көшпенділер стиліндегі қазақ павильоны көпшілікті қызықтырды

None
None
АММАН. ҚазАқпарат - Иорданияның астанасы Амман қаласында қайырымдылық жәрмеңкесі өтті. Осымен 53-ші рет ұйымдастырылып отырған шараға 51 елдің Елшілігі қатысты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Таяу Шығыстағы меншікті тілшісі.

Жәрмеңке  халықтардың мәдениеті мен өнерін біріктіру, қайырымдылық көмек көрсету мақсатында ұйымдастырылады. Аммандағы қазақстандық павильон көшпенділер стилімен  рәсімделген.

Бір күндік дипломатиялық  жәрмеңкеден түскен табыс жетімдер үйіне және Зейн Аль-Шараф ханшайым 1958 жылы негізін қалаған «Мубарат Ум Аль-Хусейн» қамқорсыз қалған балаларға көмек көрсету орталығына жұмсалмақ. Шараға қатысушы әрбір елдің Елшілігі өз елдерінің ұлттық стильдегі ең үздік тауарларын көрсетті.

«Қазақстан Елшілігі шараға белсенді түрде қатыса отырып, өздерінің әлеуметтік жауапкершілік тұжырымдамасын берік ұстанатындығын көрсетіп отыр», - деді Елші Азамат Бердібаев.

Жәрмеңкедегі Қазақстан павильоны өзінің ұлттық төлтумалығымен ерекшеленді. Оған қазақ қолөнершілерінің қолынан шыққан  әшекейлер, киімдер, музыкалық аспаптар және басқа да күнделікті қолдануға қажетті заттар қойылды.

Қазақтың кигіз күйі стиліндегі павильон Иорданияның Басма бинт Талал ханшайымын қатты қызықтырды. Ханшайым қазақ павильонына бас сұғып, қазақы дастарханнан дәм татты, қасиетті қара домбырадан шыққан әуенді тыңдады.

Айта кету керек, шарада кигіз үй стиліндегі  қазақ павильонына келушілер көп болды. Сауд Арабиясынан жекелей келушілер қазақ кигіз үйін сатып алғысы келетіндіктерін білдіріп жатты. 

Соңғы жаңалықтар