Әміржан Қосановтың штабы Нұр-Сұлтан және Семейдегі сайлаушылармен кездесті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Президенттігіне кандидат Әміржан Қосановтың сайлауалды штабы Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындарымен белсенді үгіт-насихат жұмысын жүргізуді жалғастыруда.

Бұл туралы кандидаттың сайлауалды штабынан хабарлады.

«19 мамырда Әміржан Қосановтың сайлауалды штабының мүшелері Нұр-Сұлтан қаласында үгіт-насихат жұмыстарын жалғастырды. Тілендиев көшесіндегі тұрғын үйлерді аралап, «Сәлем» базарында үгіт-насихат материалдарын таратты. Тұрғындар кандидаттың сайлауалды тұғырнамасының бағыттарымен танысып, халықтың әлеуметтік мәселелерін шешу бойынша өз ұсыныстарын білдірді», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ Әміржан Қосановтың Семейдегі сайлауалды штабы да тұрғындармен белсенді жұмыс жүргізуді бастады. 19 мамырда облыстық штаб қалалық мәдениет үйінде халықпен кездесу ұйымдастырды. Бұл акцияны тұрғындар мен қонақтарға түсіндіру жұмыстарын жүргізген 20-ға жуық белсенді қолдады.

«Штабтың бір мүшесі үміткердің өмірбаяны және оның өмір жолы туралы сөз қозғап, сұрақтарға жауап берді. Науқандық топтың тағы бір өкілі қатысушыларға кандидатттың сайлауалды тұғырнамасының негізгі бағыттарын таныстырды», делінген кандидат сайтындағы хабарламада.

Еске сала кетейік, ҚР Президентінің сайлауы 9 маусым күні өтеді. Сайлауға 7 кандидат тіркелді.

Соңғы жаңалықтар