Әміржан Қосановтың сенімді өкілдері зауыт жұмысшыларымен кездесті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Атырау қаласында ҚР Президентттігіне үміткер Әміржан Қосановтың облыстық сайлауалды штабының мүшелері және кандидаттың сенімді өкілдері «Рауан Налко» ЖШС еңбек ұжымымен кездесті. Бұл жөнінде үміткердің баспасөз қызметі хабарлады.

Серіктестік Қазақстанның жетекші мұнай-химиялық кәсіпорындарының бірі саналады.

Кездесудің модераторы - облыстық штаб бастығы Ғалымжан Өтебаев болды. Штаб мүшелері кандидаттың сайлауалды платформасын таныстырып, кандидаттың түрлі мәселеге көзқарасы жайлы баяндап берді.

Еске сала кетейік, 11 мамыр күні сайлауалды үгіт-насихат науқаны басталған болатын. ҚР Президенттігіне үміткер ретінде 4 кандидат тіркелді. Бүгінде кандидаттар өңір-өңірлерді аралап, үгіт-насихат шараларын белсенді жүргізуде.

Соңғы жаңалықтар