Әміржан Қосановтың сенімді өкілдері маңғыстаулықтарға кандидаттың сайлауалды платформасын таныстырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ақтау қаласындағы Жастар үйінде ҚР Президенттігіне үміткер Әміржан Қосановтың облыстық штабының мүшелері және сенімді өкілдері тұрғындармен кездесіп, кандидаттың сайлауалды платформасын таныстырды.

Кездесуге 30-ға жуық адам қатысты. Жиынды кандидаттың облыстық сайлау штабының жетекшісі Естай Шолаев жүргізді. Іс-шара барысында платформаның негізгі бағыттары талқыланып, белсенді жастар, қоғам қайраткерлері мен қарапайым тұрғындар өз пікірлерін ортаға салды.

Пікірлесу барысында қатысушыларға кандидаттың өмірбаяны да таныстырылып, олар өздерінің өзекті сұрақтарына штаб мүшелері мен сенімді өкілдер тарапынан жауап алды. Кездесу соңында қатысушылар ортақ естелік суретке түсті.

Еске сала кетейік, ҚР Президентінің сайлауы 9 маусым күні өтеді. Сайлауға 7 кандидат тіркелді.

Соңғы жаңалықтар