Әміржан Қосановтың сенімді өкілдері Ақмола облысында болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Президенттікке кандидат Әміржан Қосанов штабының өкілдері мен үміткердің сенімді өкілдері Ақмола облысы Көкшетау қаласының маңындағы көршілес Красный Яр және Нұрлы көш ауылдарында болды. Бұл жөнінде кандидаттың баспасөз қызметі хабарлады.

Нұрлы көш - бүкіл Қазақстаннан көшіп келген тұрғындар қоныстанған жаңа ауыл.

Кездесуге қос ауылдан жиылған 30-ға жуық адам қатысты. Кандидаттың облыстық штабының өкілдері оларды сайлауалды платформаның негізгі аспектілерімен таныстырды. Іс-шараны облыстық сайлау штабының бастығы Дахан Шөгшір жүргізді. Қатысушылар осы құжатта көрсетілген әрі оларға аса маңызды болып көрінген мәселелерді талқылады. Кездесу соңында қатысушылар естелік суретке түсті.

Осымен бесінші күн сайлауалды науқан жалғасуда. Үгіт-насихат жұмыстары нәтижесінде шалғайда жатқан ауылдар да үміткерлерді тани бастады.

Соңғы жаңалықтар