Әміржан Қосанов штабының белсенділері шағын елді мекендерде үгіт-насихат жүргізуде

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Президентіне үміткер Әміржан Қосановтың облыстық сайлауалды штабының белсенділері шағын елді мекендерде де үгіт-насихат жұмысын жүргізуде.

Атап айтқанда, Ақтөбе облысындағы Шалқар және Қызылорда облысындағы Сексеуіл кентіндегі жұмыс барысында кандидаттың сайлауалды платформасы нақтырақ талқыланып, ауылдық штабтар оның ұстанымын жеткізді. Одан бөлек, штаб мүшелері кандидат жөнінде халыққа баяндап берді, ал сайлаушылар өз қолдауын білдірді.

Соңғы жаңалықтар