Әміржан Қосанов штабында байқаушыларға арналған оқыту семинары өтті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада, ҚР Президенттігіне кандидат Әміржан Қосановтың республикалық сайлау алды штабында сайлау күні сайлау учаскелеріндегі дауыс беру барысын қадағалайтын байқаушыларға арналған семинар өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Семинардың жүргізушісі әрі тренері болған Асхат Рахымжанов байқаушылардың міндеттері мен құқықтарын жан-жақты түсіндіріп берді. Шараға қатысушылар барлық өзекті сұраққа қатысты тұщымды жауап алды. 

24 мамырда ҚР Президенттігіне Қазақстанның коммунистік халық партиясы атынан кандидат Жамбыл Ахметбеков Шымкенттегі "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағында болып, жұмысшылармен кездесті.

Амангелді Таспиховтың да сенімді өкілдері Түркістан облысы мен Шымент қалаларында кездесу өткізді.  Ал Қасым-Жомарт Тоқаевтың штабы Қызылорда жұртшылығымен жүздесті.  Ал Төлеутай Рахымбековтың сенімді  өкілдері Қарағанды мен Алматы қалаларында кездесулер өткізді. Әміржан Қосанов  өзінің сенімді өкілдерімен бірге елорда жұртшылымен кездескен болатын.

Дания Еспаева болса Көкшетауға барып, "Қазақстанның агро-иннвациялық корпорациясы" ЖШС еңбек ұжымымен жолықты.

Соңғы жаңалықтар