Әміржан Қосанов мемлекеттік тілді еркін меңгерген - комиссия қорытындысы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Президенттігіне кандидат Әміржан Қосанов мемлекеттік тілді еркін меңгерген. Мұндай қорытындыны бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясы жанынан құрылған ҚР Президенттігіне кандидаттың мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтайтын лингвистикалық комиссия шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Бүгін мемлекеттік тілден емтихан тапсыруға Қосанов Әміржан Сағидрахманұлы келді. Өздеріңіз білесіздер, емтихан үш кезеңнен өтеді. Жазба жұмысының тақырыбы "ТМД тарихы мен бүгіні" болды. Содан кейін мәтін оқуға ақын Қадыр Мырза Әлінің шығармаларын таңдап алды. Үшінші кезенде "Өнер білім бар жұрттар" деген тақырыпта сөз сөйледі", - деді комиссия төрағасы Мырзатай Жолдасбеков кандидаттың емтихан қорытындысын жариялай келе.

Оның айтуынша, президенттікке кандидат емтиханның барлық үш кезеңінен сүрінбей өтті.

" Жазба жұмысын биік деңгейде жазып, тақырыпты терең қамтыды. Қадыр Мырза Әлі бауырымыздың өлеңін еркін, әдемі оқыды. Үшінші "Өнер-білім бар жұрттар" деген тақырыпта да өте әдемі әңгіме өрбітті. Біз қанағаттандық. Сонымен лингвистикалық комиссиясының қорытындысы - Қосанов Әміржан Сағидрахманұлы мемлекеттік тілді еркін меңгерген. Басқа пікір жоқ", - деді М. Жолдасбеков.

Айта кетейік, саясаткер Әміржан Қосанов президенттікке кандидат ретінде «Ұлт тағдыры» қозғалысының атынан ұсынылған болатын.

Соңғы жаңалықтар