Әміржан Қосанов халықты сайлауға белсенді қатысуға шақырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Президенттікке кандидат Әміржан Қосанов халықты сайлауға белсенді қатысуға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан үлкен саяси науқанның алдында тұр. Халықтың өкілі қатысты десеңіздер, осы сайлауда өз үлесін алсын десеңіздер, сайлауға келіңіздер де, өзіңіз қалаған кандидатқа дауыс беріңіздер. Отырып қалмаңыздар! Сайлау учаскесіне барып, жаныңызбен де, жүрегіңізбен де Қазақстанның болашағы үшін таңдау жасаңыздар!» деді Ә.Қосанов Орталық сайлау комиссиясында өткен баспасөз мәслихатында.

Айта кетейік, бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясы «Ұлт тағдыры» бірлескен ұлттық-патриоттық қозғалысының мүшесі, журналист Әміржан Қосановтың кандидаттық куәлігін тапсырды.

«Оразаның алғашқы күні сайлау комиссиясының бізге куәлік бергенін жақсы ырымға балап отырмын. 7-ші нөмір екен. Мен куәлікті жетінші болып алып отырмын. Оны да жақсылыққа балап отырмын. Жасыратыны жоқ, мені ұсыну және қол жинау кезінде біраз күмән болды. Осы Қосанов сайлауға тіркеле ме, тіркелмей ме, әртүрлі араңдатулар болды. Қасақана жасалған бір ақпараттық шабуылдар болды. Осы күнге дейін мен және менің әріптестерім тіркеу болмайтын шығар деп ойлады. Бірақ бүгінгі күн Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «әділ сайлау өткізуге кепілдік беремін» деген сөзінің бір нышаны деп білемін, солай қабылдаймын», - деп атап көрсетті Ә.Қосанов.

Соңғы жаңалықтар