Әмірхан Рахымжанов ҚР Тұңғыш Президенті кітапханасының директоры қызметінен босатылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Әмірхан Мұратбекұлы Рахымжанов «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» мемлекеттік мекемесінің директоры қызметінен босатылды. ҚазАқпарат бұл туралы Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.
Еске салайық, Ә.Рахымжанов «Nur Otan» партиясынан Парламент Мәжілісіне депутат болды.
Елімізде Мәжіліске және жергілікті мәслихаттарға сайлау 10 қаңтар күні өтті.
Оның нәтижесінде Парламенттің төменгі палатасына депутаттық мандаттарға 3 партия ие болды: «Nur Otan» партиясы (76 мандат), Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы (12 мандат), Қазақстан Халық партиясына (10 мандат).
Сондай-ақ 9 депутат Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланды.
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттық корпусы барлығы 107 адамнан тұрады.
- Қасым-Жомарт Тоқаев Индонезия Президенті Джоко Видодоға көңіл айтты
- ҚР Президенті: Мәжілістің жаңа құрамы халықтың әл-ауқатын жақсартуға баса көңіл бөлуі тиіс
- Партияларға Парламентке өтуге мүмкіндік жоғарылайды - Әли Бектаев
- ҚР Президенті Премьер-Министрді тағайындауға қатысты: Пікірталас ашық әрі айқын болды
-
Елбасы кітапханасына жаңа директор тағайындалды
-
Президенттің 7 саяси бастамасы халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам