Әміре Қашаубаевтың рөліне кастинг жарияланды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Cast.kz кастинг агенттігі 1 қаңтардан бастап, Әміре Қашаубаев туралы фильмдегі басты рөлге кастинг жариялады.

«Қазақфильм» АҚ Moviq кинокомпаниясының тапсырысымен атақты әнші туралы фильм түсіретіндігі туралы алдында хабарлаған болатынбыз.

Картинаға Оскар иегерлері Кери Гранат пен Эд Джонсон продюсерлік ететін болды. Фильм ағылшын тілінде түсіріледі. Кастингке азиат нәсілді ер адам қатыса алады.

Түсірілім тобы 55-65 жастағы қазақ тілінде еркін сөйлейтін ер адамды іздестіріп жатыр.

Сондай-ақ, Мұстафа Шоқай рөлін сомдау үшін 30-40 жастағы, ағылшын тілін «Intermediate» деңгейінде меңгерген ер адам қажет.

Тілді осы деңгейде меңгерген 25-35 жастағы және 55-65 жастағы әйел адам, қазақ тілінде еркін сөйлейтін 13-16 жастағы бозбала керек.

Әміре рөліне 25-40 жастағы, ағылшын тілін «Upper Intermediate» деңгейінде меңгерген, актерлік шеберлігі шыңдалған, драмалық тенор даусы бар, домбыраның құлағында ойнайтын ер адам іздестіріліп жатыр.

Кастингке қатысушыларға берілген үш әнді орындап, видеосын [email protected] адресіне жіберу керек. Әміре Қашаубаев - Еуропаны ең алғаш қазақ өнерімен таныстырған атақты әнші, актер әрі музыкант.

1925 жылы Парижде өткен Бүкіл дүниежүзі көрмесінде «Ағаш аяқ», «Қанапия», «Үш дос», «Жалғыз арша», «Қосбалапан» әндерді орындап, 2-ші бәйгемен қоса күміс медаль алды.

Фильмде 8 ірі музыкалық нөмір орындалады. Кастинг республиканың барлық қалаларында өтіп жатыр.

Соңғы жаңалықтар