«Әміре» фильмі Голливуд кинофестивалінде жүлдеге ие болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында қазанның 23-і мен 28-і аралығында өтетін халықаралық Hollywood Film Festival кинофестивалінің бірінші кезеңінде «Әміре» фильмі Silver Screen Award жүлдесіне ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі «Қазақфильм» киностудиясына сілтеме жасап.

Қазақтың тенор дауысты біртуар әншіcі Әміре Қашаубаевтың ғұмырын баяндайтын фильмді ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ «Dar Play» компаниясымен бірлесіп түсірген.

Айта кетсек, фестивальдің алғашқы кезеңінде Silver Screen Award жүлдесіне үміткерлер қатарына байқауға қатысатын әр елдің бірнеше фильмі ұсынылған болатын.

Бұл кезеңде Қазақстан атынан алты бірдей кинотуынды - үш толықметражды және үш қысқаметражды фильмі таныстырылған. «Әміре» картинасымен қатар «Қазақфильм» киностудиясы жарыққа шығарған үш фильм кинофестивальде бақ сынады. Нақтырақ айтқанда, толықметражды фильмдер байқауында Төлеген Байтөкеновтің «Саташ» фильмі және Елжас Рақымбековтың «Эль Фриман» картинасы, ал қысқаметражды фильмдер бөліміне Берік Жахановтың «Асан» фильмі қатысты.

null Бірінші кезеңнің жеңімпазы, Silver Screen Award жүлдесінің иегері «Әміре» фильмі енді Франция, Германия, Чили, Жапония мен Швеция сынды басқа да 16 мемлекеттен қатысатын фильмдермен бірге фестивальдің басты жүлдесі үшін бақ сынайжы. Бұл фестивальде фильмді режиссер Джефф Веспа таныстыратын болады.

Жаңа таланттарды ашатын және тәуелсіз киноны насихаттайтын Голливудтык кинофестиваль 1997 жылдан бастап өткізіліп келеді.

«Үлкен оқиғалар әлемді өзгертетінін және әлеміміз өзгерістерді күтетінін білеміз. Сонымен қатар, Голливуд - әлемдік мәдениетті жырлайтын тәуелсіз кино суреткерлер қатары жиналатын тиімді әрі беделді орта»,- дейді Hollywood Film Festival кинофестивалінің ұйымдастырушылары. 

Соңғы жаңалықтар