«Әміре» фильмі Финляндия астанасында көрсетілді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Финляндиядағы Елшілігі және Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ ұйымдастыруымен Хельсинки қаласында режиссёр Джефф Веспаның «Әміре» көркем фильмі көрсетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсірген биографиялық кинотуындының көрсетілімінде Қазақстанның Финляндиядағы төтенше және өкілетті елшісі Жанна Сартбаева бұл фильм дүниежүзі бойынша адамдарды байланыстыратын адамзаттың әмбебап тіліне айналған музыка өнерінің феномені туралы екенін айтты.

Сонымен қатар, бұл кеште фильмде басты рөлді сомдаған актер Санжар Мәдиевтің видео сәлемдемесі көрсетілді.

​​Кеш барысында AALTO университетінің студенті И.Мизамбек домбырамен қазақтың күмбірлі күйлерін орындап берді.

Сонымен қатар, кеш қонақтары ұлттық киіммен суретке түсіп, ұлттық тағамдардан ауыз тиді.

Соңғы жаңалықтар