+7 (701) 759 90 19
USD 413.12 EUR 452.86
RUB 5.82 CNY 57.92
Jańalyqtar

Амфан циклоны салдарынан Үндістан мен Бангладеште 14 адам қаза тапты

2020 жылғы 21 мамыр 13:00
Бөлісіңіз:
Амфан циклоны салдарынан Үндістан мен Бангладеште 14 адам қаза тапты

ДАККА. ҚазАқпарат – Үндістанның шығысы мен Бангладеште болған қуатты циклоннан туындаған су тасқыны жағаға жақын аудандарда жүздеген үйлерді қиратып, апат салдарынан кем дегенде 14 адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ABC News-ке cілтеме жасап.

Осы аптада екі елдің 3 миллионға жуық тұрғыны қауіпсіз жерге көшірілді. Метеорологтардың хабарламасы бойынша, Амфан - соңғы жылдары аймақта болған ең қуатты циклондардың бірі.

Адамдарды құтқарып, олардың мүлігін сақтап қалу іс-қимылдарын коронавирустың таралуына қарсы күрестің жүргізілуі едәуір қиындық келтіріп отыр.

Циклон сағатына 185 шақырымға дейін жететін екпінді желмен бірге Үндістанның Батыс Бенгалия штатын басып өтіп, одан кейін Бангладешті жапырып өткен. Мұнда екі адам құлаған ағаштың астында қалып, қаза тапты.

Дауыл салдарынан Батыс Бенгалияның астанасы Калькуттада көліктер аударылып, бірнеше ағаштар мен электр сымдарының бағаналары құлаған.

Батыс Бенгалияның бас министрі Мамата Банерджи штатта кем дегенде 10 адам қаза тауып, екі ауданның зардап шеккенін мәлім етті.

Бангладештің Ноахали ауданында су тасқыны салдарынан 500-ден астам үй қирады.

Еске сала кетсек, 2007 жылы Бангладеште Сидр циклоны болып, салдарынан 3500-ға жуық адам мерт болған еді. Ал 1999 жылы Үндістанның Одиша штатында Амфанға ұқсас суперциклон 10 мыңнан астам адамның өмірін қиып әкетті.

Автор: Раушан Конырбаева


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Оқиға, Әлем,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT