Америкалық журналист Жәнібек Әлімханұлының спорттық мансабы туралы жазды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – The Ring журналисі Адам Абрамовиц қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының (12-0, 8 КО) қазіргі жағдайына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

«Әлімханұлы – «уақытша» чемпион. Ал америкалық боксшы Андраде бұрынғыша техникалық чемпион, ол тек жарақат алған. Алда көп нәрсені анықтау керек», - деп жазды Абрамовиц Твиттерде.


Айта кетсек, Жәнібек Әлімханұлы мамырда екінші раундта британдық боксшы Дэнни Дигнумды (14-1-1, 8 КО) нокаутқа түсіріп, WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы «уақытша» әлем чемпионы атанған еді.

Ал америкалық Деметриус Андрадеге (31-0, 19 КО) келер болсақ, ол WBO толыққанды чемпионы. Андраде британдық Зак Паркермен (22-0, 16 КО) жұдырықтасуы тиіс еді, бірақ олардың айқасы америкалықтың жарақатына байланысты кейінге қалдырылды. Андраденің қай салмақта – орта немесе суперорта салмақта өнер көрсететіні белгісіз.

Жуырда Жәнібек Әлімханұлы WBA рейтингінің үздіктер қатарынан шығып қалды.


Фото: viraltab.news




Соңғы жаңалықтар