Америкалық жазушы: «Борат»- тарихтағы ең нәсілшіл фильм

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Борат» - Қазақстан халқын ашық түрде қорлайтын тарихтағы ең нәсілшіл фильм. Бұл туралы америкалық жазушы Нассим Талеб өзінің Twitter парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Борат» -Қазақстан халқын ашық түрде қорлайтын тарихтағы ең нәсілшіл фильм. Көптеген адамдар контекстен тыс сөздерді дұрыс қолданбағаны үшін көпшілік алдында айыпталады. Мен «Борат – пародия» деген сыңайлы жазғандардың барлығын бұғаттадым. Иә, мен мұның пародия екенін білемін. Бірақ мені «пародияның» қосарланған стандарты көбірек қызықтырады. Егер нәсілшіл әзілдер (іс жүзінде қорлау) кейбір нәсілдердің өкілдеріне рұқсат етілсе, ал онда басқалары болмаса, бұл нәсілшілдіктің ең нашар түрі», - деді Нассим Талеб.

Соңғы жаңалықтар