Америкалық телеарна Ресей хакерлері 1 млн кредиттік карта мәліметін ұрлағанын мәлімдеді

None
None
НЬЮ-ЙОРК. ТАСС-ҚазАқпарат – Ресейдегі All World Cards хакерлер тобы АҚШ және өзгеде ел азаматтарының миллиондаған кредиттік карталарының мәліметтерін интернетте жариялап жіберді. Бейсенбі күні Американың CNBC телеарнасы осындай ақпарат таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Телеарна киберқауіпсіздік саласында жұмыс істейтін Q6 компаниясының аналитиктеріне сілтеме жасап отыр. Алайда, бұл ақпаратты растайтын қандай да бір басқа дәлелдер келтірілмеген.

Әлеуметтік желілердегі парақшаларында аталған жарияланымға қатысты түсініктемесін берген телеарна тілшісі Эмон Джаверс «банктердің көп ұзамай оның салдарын сезінетінін» ескертті. Сондай-ақ ол All World Cards жақында ғана құрылғанын айтты.

CNBC материалы америкалықтардың шоттарынан ақшаның заңсыз шешілуі жағдайында не істеу керек деген тақырыпқа арналған.



Соңғы жаңалықтар