+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Америкалық тарап ҚР Президенті жүргізіп жатқан саяси реформаларды жоғары бағалады

2021 жылғы 22 шілде 12:25
Бөлісіңіз:
Америкалық тарап ҚР Президенті жүргізіп жатқан саяси реформаларды жоғары бағалады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Президентінің Халықаралық ынтымақтастық бойынша Арнайы өкілі Ержан Қазыханның Америка Құрама Штаттарына жұмыс сапары өтті. Бұл туралы ҚазАқпрат СІМ сілтеме жасап хабарлайды.

Ақ үйдің, Мемлекеттік департаменттің және АҚШ Конгрессінің басшылығымен кездесулер барысында екі жақты күн тәртібіндегі көптеген мәселелер, соның ішінде Кеңейтілген стратегиялық серіктестік, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты тереңдету перспективалары, жаһандық қауіпсіздік саласы, сондай-ақ «С5+1» диалогы шеңберінде аймақтық ынтымақтастықты нығайту талқыланды.

Америкалық тарап Мемлекет басшысы жүргізіп жатқан саяси реформаларды жоғары бағалады және оларды жүзеге асыруды қолдауға дайын екенін білдірді. Қолданыстағы механизмдер шеңберінде Қазақстан мен АҚШ арасындағы Кеңейтілген стратегиялық серіктестікті тереңдету туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.


Сондай-ақ, тараптар екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастар орнатылуының 30 жылдығына арналған іс-шараларды талқылады.

АҚШ Конгресі өкілдерімен келіссөздерде парламентаралық ынтымақтамтастықты ары қарай дамыту туралы келісілді.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT